«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 269 бұйрығы.
Редакция 15.01.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-305/2020 Бұйрығына сәйкес (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, № 3, 311-бап) бұйрығына:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген интернатурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесінде:
4, 8 және 9-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесінде:
1, 2, 26 және 40-тармақтар алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Гематология»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Балалар онкологиясы және гематологиясы»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Онкология».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Полная версия