1. Қоса беріліп отырған Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.05.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 774 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5885 болып енгізілді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағы 2-тармақшысына сәйкес және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің мамандықтарын есепке алу, даярлау, регламенттеуді біріздендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 4 шілде N 392 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5276 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2008 жылғы N 8, 326 құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 774 бұйрығымен бекітілген
Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы
1. Жоғары білімі бар медицина қызметкерлерінің мамандықтары
1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология).
2. Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина).
3. Кардиология ( ересектердің, балалардың), оның ішінде интервенциялық.
4. Ревматология (ересектердің, балалардың).
5. Аллергология және иммунология (ересектердің, балалардың).
6. Гастроэнтерология (ересектердің, балалардың).
7. Гематология (ересектердің, балалардың).
Полная версия