Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 618 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімніңноменклатурасында (тізімінде):
«Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:
1-санат «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» мен уыттар деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы 1А301-бөлікпен толықтырылсын:
«1А301. Уыттарды немесе патогенді микроағзаларды кептіруді қамтамасыз ететін тозаңдату құрғатқышына арналған және мынадай сипаттамалары бар құрал-жабдық:
1) буланған ылғалдылық бойынша өнімділігі 0,4 кг/сағ 400 кг/сағ дейін;
2) орташа типтік өлшемі 10 мкм және штаттық жарақтандырудан кем емес өнімнің бөлшектерін өндіруге немесе тозаңдатқыш саптамасы бар құрғатқыштың ең аз түрлендіру кезінде бөлшектердің қажетті өлшемін өндіруге мүмкіндік беретін қабілеті;
3) алдын ала бөлшектемей зарарсыздандыру немесе дезинфекциялау мүмкіндігі.»;
1С350 «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін» деген бөлік мынадай мазмұндағы 60, 61, 62, 63-тармақтармен толықтырылсын:
«60. Метилфосфон қышқылы (993-13-5);
61. Диэтил метилфосфаты (683-08-9);
62. N,N-диметиламинофосфорил дихлориды (677-43-0);
63. Триизопропил фосфиты (116-17-6).»;
мынадай мазмұндағы техникалық ескертпемен толықтырылсын:
«Техникалық ескертпе:
химиялық заттар Химиялық реферативтік қызметтің (CAS) атауы, нөмірі және Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы (егер пайдалануға келетін болса) Конвенция заттарының тізімі бойынша аталған. Сол құрылымдылық формуланың химиялық заттары (мысалы, гидраттар) CAS атауына немесе нөміріне қарамастан бақыланады. CAS нөмірлері оны ерекше химиялық зат немесе химиялық заттардың қоспасы ерекшеліктеріне қарамастан бақыланатынын сәйкестендіру үшін келтіріледі. Алайда CAS нөмірлері барлық жағдайларда бірегей сәйкестендіргіштер ретінде пайдаланылмайды, себебі аталған химикаттың кейбір нысандарында CAS нөмірлері әртүрлі және құрамында аталған химикаттар бар қоспалардың да CAS нөмірлері әртүрлі болуы мүмкін.»;
1С351 «Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:» деген бөлікте:
Полная версия