Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында теміржол өткелдерін орналастыруға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан 2,5 км аз қашықтықта көпірлерден жоғары немесе төмен мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшін өзен мен суағар арналарын тереңдетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен қосылған немесе жердің еңістігі бойынша жолдардан жоғары орналасқан шлюздер, бөгеттер және басқа да мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстар орнатуға, қайта жаңартуға және жөндеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен қиылысатын жерде темір жолдардың көтерілуіне және төмендетілуіне немесе қосымша жол төсеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:
«12-1. Жол органдары келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
Жол полициясының бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2, 23-3 және 23-4 тармақтармен толықтырылсын:
«23-1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында темір жол өткелдерін орнатуға, қайта жаңартуға, жөндеуге және бұзуға және 2,5 км аз қашықтықта көпірлерден жоғары немесе төмен мелиорациялық және басқа да мақсаттар үшін өзен мен суағар арналарын тереңдетуге жол органдарының келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды:
Полная версия