Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 624 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
«Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы»
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 19.03.2015 жылғы № 296 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының6-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіңтізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі
Р/с

Бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеу өлшемдері Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Орталық мемлекеттік орган
1 2 3 4
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу ІІМ


Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару ІІМ


Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру ІІМ
2. Қазақстан Республикасының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою Еңбекмині


Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру Еңбекмині
3. Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу және патент беру Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі Қаржымині


Дара кәсіпкерлерге патент беру** Қаржымині
4. Бала туу Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу Әділетмині


Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау Еңбекмині


Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою БҒМ
** мемлекеттік қызмет патент құны есебін ұсыну кезінде көрсетіледі (өтінішсіз)
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ІІМ — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi