«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының23) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Электр желілік қағидаларды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 625 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес «Электр желілік қағидаларды бекiту туралы» ҚР Энергетика министрінің 18.12.2014 жылғы № 210 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Электр желілікқағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 625 қаулысымен бекітілген
Электр желілік қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электр желілік қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының23) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр желісін пайдалану мен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін басқаруды ұйымдастыру тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баланстық тиесілік – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымның және оларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі тұтынушының электр желісі учаскесі;
2) баланстық тиесілік шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылардың арасындағы олардың баланстық тиесілігіне сәйкес электр желісін бөлу нүктесі (сызығы);
3) тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылардың арасындағы тараптардың пайдаланушылық жауапкершілігі шекарасын айқындайтын электр желісін бөлу нүктесі (сызығы);
4) жоғары кернеу – 1000 Вольт және одан жоғары кернеу;
5) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
6) қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері – басқа электр беру желілерімен қатарлас қосылған электр беру желілері, солар арқылы оның нормаланатын сапасымен электрмен жабдықтаудың сенімділігі бойынша санатқа сәйкес келетін сенімділік дәрежесін қамтамасыз ету үшін электр энергиясы мен қуатын жеткізу жүзеге асырылады;
7) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ) – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенiмдi және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр жеткізу желiлерi мен шағын станциялардың жиынтығы;
8) өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері – өңірлер және (немесе) мемлекеттер арасында электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін кернеуі 200 киловольт және одан жоғары электр беру желілері;
9) жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – жүйелiк оператордың құрылымына кіретін, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін жедел басқару мен электр энергиясын теңгерімдеу және оның сапасын қамтамасыз етудi қоса алғанда, оның жұмыс сенімділігі үшін жауап беретiн бөлiмше;
10) ұлттық электр желісі (бұдан әрі – ҰЭЖ) – шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, кернеуi 220 киловольт және одан жоғары өңiраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желiлерiнiң және электр станцияларының электр энергиясын берудi жүзеге асыратын электр беру желiлерiнiң жиынтығы, олар жекешелендiруге жатпайды және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен және шарттармен ұлттық компанияға берiледi;
Полная версия