Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 576 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық 
мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - мекеме) құратын болсын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Мекеменің директорын Қазақстан Республикасының Президенті
қызметке тағайындайды және қызметінен босатады деп белгіленсін.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Полная версия
ИС BestProfi