Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.03.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.06.2012 № 738 Қаулысымен. (01.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, мониторингілеу қағидаларына сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 14 наурыздағы
 № 254 қаулысымен
 бекітілген
Бағдарламаның       «Өнімділік 2020» бағдарламасы  атауы  
Әзірлеу үшін        «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік  негіздеме           қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012                      жылғы 9 қаңтардағы Заңы және «Қазақстан                      Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық                      дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған                      мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан                      Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының                      күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан                      Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19                      наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік                      бағдарлама)
Әзірлеуші           Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа                      технологиялар министрлігі 
Бағдарламаның        Экономиканың басым секторларында  мақсаты              еңбек өнімділігін арттыру жолымен өнеркәсіптік                       кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Бағдарламаның        1. Кәсіпорындар қолданып жүрген басқару және  міндеттері           өндірістік технологияларды жетілдіру
              2. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту                       (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге                       қабілетті жаңа өндірістерді құру
Іске асыру           2011 - 2020 жылдар  мерзімдері           1-кезең - 2011 - 2014 жылдар, 2011-пилоттық,
Полная версия
ИС BestProfi