Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.03.2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 587 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 16.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 04.03.2014 жылғы № 175 Қаулысына сәйкес
Редакция 18.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (07.06.2013 ж. редакцияны караңыз)  (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология саласында көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 991-құжат):
1), 3) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді айқындау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі             С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 7 маусымдағы
№ 587 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 көрсетеді, ол сондай-ақ «электронды үкіметтің» www.e.gov.kz немесе «Е лицензиялау» www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Полная версия
ИС BestProfi