Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 662 қаулысы
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақта:
64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«64) мына жеке басты куәландыратын құжаттардың үлгiлерiн, оларды ресiмдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртiбiн әзiрлейдi:
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi;
шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
босқын куәлігі;»;
мынадай мазмұндағы 64-1), 64-2), 64-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«64-1) осы Ереженің 12-тармағының 64) тармақшасында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi, берудi, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асырады;
64-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен азаматтарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
64-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады және тіркейтін және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат береді;»;
126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«126) жол жүру құжатының үлгiлерiн бекiтеді және оны берудi жүзеге асырады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия