Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017
"Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 660 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
11 және 11-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерiнiң немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады.
Комиссияның мүшелері уақытша болмаған жағдайларды (іссапар, демалыс, сырқаттану) қоспағанда, олар отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. Мұндай жағдайларда, тиісті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды тұлға қатысады.
Комиссия мүшесі өзінің лауазымдық міндеттерін тоқтатқан жағдайда, Комиссия отырысына осы қаулыға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның орнына тағайындалған тұлға қатысады.
11-1. Өкілдері Комиссия құрамына қосылмаған мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссия отырысына қатысу үшін осы мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткізген оның орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 1 шілдедегі
 № 660 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң 2006 жылғы 22 қыркүйектегі
 № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы
Келімбетов
Қайрат Нематұлы
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Айтжанова
Жанар Сейдахметқызы
- Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі, төрағаның орынбасары
Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
Рау
Альберт Павлович
- Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Ақшолақов
Болат Оралұлы
- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі
Бектұров
Азат Ғаббасұлы
- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Дәленов
Руслан Ерболатұлы
- Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Толыбаев
Марат Еркінұлы
- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Жұмаділдаев
Әнуар Серқұлұлы
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы
Тен
Игорь Викторович
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары
Әкімбекова
Айжан Тәуешқызы
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi