1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 01.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттiк мекемелерi – аумақтық бөлімшелерінiң және оның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2011 № 900 Қаулысымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007 № 1004 қаулысымен (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007 № 1004 қаулысымен (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 29.10.2007 № 1004 қаулысымен (25.08.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жүйесiне басшылық етудi, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2006 № 313, 30.09.2010 № 1009, 02.08.2011 № 900 Қаулыларымен. (27.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз) 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.03.2013 № 245 Қаулысымен (25.12.2012 жылғы редакцияны қараңыз) 1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2013 № 274 Қаулысымен (14.03.2013 жылғы редакцияны қараңыз)
Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары: Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті, Жол полициясы комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бар.
Полная версия