Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.05.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 жыл, № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлiктегi аумақтық органдары, сондай-ақ Iшкi әскерлер комитетi, Есiрткi бизнесiне қарсы күрес және есiрткi айналымын бақылау комитетi, Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi, Жол полициясы комитетi және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ведомстволары бар.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiкті сақтау, қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес, есiрткi мен қару-жарақ айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру, күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, ішкі істер органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру және заңнамалық актілерге сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу болып табылады.»;
12-тармақта:
116), 118), 120), 121), 129), 130), 132) тармақшалар алынып тасталсын;
119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119) босқындар мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді;»;
131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«131) босқындар мәселелері бойынша заңнаманы сақтауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
133), 134) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«133) босқындарды тіркейді және есепке алуды жүргізеді;»;
«134) аумақтық органдардың босқын мәртебесін беруден бас тартуы туралы шағымдар жөніндегі шешімдер қабылдайды;»;
Полная версия