Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері" туралы 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 және "Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 694 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.04.2015 жылғы № 213 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысымен (05.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкiлеттi орган – бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия

