1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 Қаулысы
«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 2-1-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 159 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгiлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» (бұдан әрi – Заң) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгiлеу - мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағаларды қалыптастыру және қарау үдерісi;
2) мемлекеттік монополия субъектісі (бұдан әрі – субъект) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімімен құрылған не Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімімен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын;
3) негiзделген баға – мемлекеттік монополия субъектiсiнiң негiзделген шығындарының және пайдасының негiзiнде айқындалған баға;
4) өзiндiк құн – уәкiлеттi орган мемлекеттік монополия субъектiсi өндіретін және (немесе) өткізетін тауардың бағасында ескеретiн шығындар жиынтығы;
5) мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік монополия субъектісінің мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік монополия субъектісінің мүлкіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) баға белгілеу
3. Өнiмге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) баға қалыптастыру өнiмнiң, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша шығындарды бөлек есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.
Полная версия

