«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын (бұдан әрі – беру жоспары) жасау тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидалар:
1) мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке қатысушы өндірушілерді қоса алғанда, өздерінің сұйытылған мұнай газын жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне;
3) сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде өз мұқтаждықтары үшін сатып алатын адамдарға қолданылмайды.
Осы адамдар тобы бойынша сұйытылған мұнай газының көлемдері тиісті өңірдің балансында және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы бойынша жоспардан тыс ретінде ескеріледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) газ желісі ұйымы – газ толтыру станциясын (пунктін), топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;
Полная версия