Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 675 қаулысы
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.05.2014 жылғы № 441 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Мекемені қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен мүлiктi қабылдау-беру актiсiне қол қойылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының ғимаратын жер учаскесімен қоса мекеменің теңгеріміне берсiн.
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мекеме жарғысының бекітілуін және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2014 жылғы № 1003 Қаулысымен (04.05.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1193 Қаулысымен (23.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде: 1190,5

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде: 1021,5
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде: 1219,5

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде: 1050,5
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы 29
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi