Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2014
"Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 маусымда № 8528 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 30.06.2014 жылғы № 187 Бұйрығына сәйкес
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды тиімді пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 6395 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелері, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуінде (бұдан әрі – Ережелер):
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Балама қаржыландыру көздерi» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
1) «Меншiктi қаражат» параграфы, онда iс-шараларды меншiктi қаражат есебiнен қаржыландыру мүмкiндiгiне талдау жасалады. Талдау сондай-ақ, бұған дейін бөлінген қаражатты заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғалары арасында қайта бөлу есебінен іс-шараларды қаржыландыру мүмкіндігін қамтиды.
2) «Қарыз алу» параграфы, онда қарыз капиталын тарту мүмкiндiгiне талдау жасалады. Талдау келесіні қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді:
сыйақы ставкасын, кредит беру мерзiмдерiн, мiндеттемелердi өтеу шарттарын, оның iшiнде жеңiлдiк кезеңiн беру мүмкiндiгiн, заңды тұлғаның қолданыстағы шарттары ковенанттарының талаптарын қамтамасыз ету мен сақтауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредиттi алу шарттарына шолу;
тiкелей кредит берудi, қаржы лизингiн, факторингтi, облигациялық қарызды қоса алғанда, кредит беру құралдарына шолу;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету мына жағдайда жүргізіледі:
1) мақсатттарды, міндеттерді, іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешiмдердi толықтыру және/немесе өзгертуге, бекiтiлген iс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайту немесе қысқартуға әкеп соғатын, белгiленген қаржылық-экономикалық параметрлер өзгергенде;
2) егер заңды тұлғалардың және/немесе олардың аффилиирленген тұлғаларының мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ іс-шаралары өзгеруіне байланысты аффилиирленген тұлғалар мен заңды тұлғалар арасында бұған дейін бөлінген қаражаттарды, бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша босатылған қаражаттарды (үнемдеу), қайта бөлу талап етілсе.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып жүргізіледі.»;
келесі мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 156-бабының 4-3-тармағына сәйкес бюджеттік заңнамада белгіленген рәсімдерді сақтамай бөлінген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды түзету бойынша қаржы-экономикалық негіздемені әзірлеген жағдайда, экономикалық сараптаманы жүргізу үшін осы Ереженің 27-тармағының 2) тармақшасының үшінші, бесінші абзацтарында және 3) тармақшасының бесінші, жетінші абзацтарында көрсетілген құжаттамаларды ұсыну талап етілмейді.».
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты ол мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi