Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілде № 129-V Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Бизнеске арналған үкімет» веб-порталы – жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) индустриялық сертификат – өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Ұлттық палата) – Қазақстан Республикасының бизнес қоғамдастығы мен мемлекеттік билік органдары арасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктерінің (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында құрылған, кәсіпкерлік субъектілері одағын білдіретін коммерциялық емес ұйым;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3) қоғамдық мониторинг – Ұлттық палатаның ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту, оның ішінде шешілуіне нормативтік құқықтық акт бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесіне қол жеткізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің жағдайына оның әсерін бағалау жөніндегі қызметі;
4) міндетті мүшелік жарналар – кәсіпкерлік субъектілерінің осы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен және мөлшерде Ұлттық палатаға төлейтін жыл сайынғы жарналары;
4-1) сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесі – сатып алудың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған ақпараттық жүйе;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.10.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 4-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 202-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімі – Ұлттық палата төралқасы бекітетін тәртіппен ерікті негізде қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізбесі;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 202-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 12.11.2015 жылғы № 391-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) Ұлттық палата жүйесіндегі аккредиттеу – қауымдастықтардың (одақтардың), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың Ұлттық палатаның басқару органдарында және жұмыс органдарында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдірудің белгіленген критерийлеріне сәйкестігін Ұлттық палатаның тануы;
6-тармақша өзгертілді ҚР 12.11.2015 жылғы № 391-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) «Іскерлік ахуал» рейтингі – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жұмысының нәтижелерін бағалау және салыстыру үшін жүргізілетін, нормативтік құқықтық актілер мен реттеу құралдарының реттеушілік ықпалын жария талдау, сондай-ақ қалыптасқан құқық қолдану практикасын талдау нәтижелеріне негізделген кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын тәуелсіз зерттеу.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық палата туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Полная версия