Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2015
Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 20 маусымда № 8517 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 жылғы № 550 Бұйрығына сәйкес
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының7-3-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратыныңнысаны бекітілсін.
2. «Реттелетін нарық субъектісінің шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпаратының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 180-НҚбұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде 7863 нөмірімен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 10 қазандағы № 659-664 нөмірімен жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі
төрағасының
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 148-НҚ бұйрығымен
бекітілген
(реттелетін нарық субъектісінің атауы, БСН/ЖСН)
шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны)
орындауы не орындамауы туралы тоқсан сайынғы ақпарат
р/с № Инвестициялық бағдарлама (жоба) көрсеткiштерінің атауы (қолданылу кезеңін көрсете отырып) Кiм бекiттi (бұйрықтың күнi, нөмiрi) Iс-шараның атауы Iс-шараларды iске асыру жылдары Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама iс-шарасының, объектiсінiң жоспарланған өлшемдері (көрсеткiштерi) Шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарлама iс-шарасының, объектiсінiң орындалуы, нақты өлшемдері (көрсеткiштерi) (тоқсан сайын, өспелі қорытындымен)* Ауытқуы Ауытқудың себептері




I тоқсан II тоқсан III тоқсан IV тоқсан Өлшем бiрлiгi Техникалық өлшемдер Өлшем бiрлiгi Инвестициялардың сомасы Өлшем бiрлiгi Инвестициялардың көзi Өлшем бiрлiгi Техникалық өлшемдер Өлшем бiрлiгi Инвестициялардың сомасы Өлшем бiрлiгi Инвестициялардың көзi


























































1) *инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша растайтын құжаттарды қоса беріліп отырып (тиісті шарттардың көшірмелері, келісімшарттар, орындалған жұмыстарды қабылдау туралы актілер (№ 2 нысан) орындалған жұмыстардың және шығыстардың құны туралы анықтама (№ КС-3 нысаны), шот-фактуралар, мемлекеттік қабылдаушы комиссияларды пайдалануға актілер-қабылдаулар, ішкі жүкқұжат, ішкі реттелетін нарық субъектілерінің пайдалануға енгізу және теңгерімге алу бұйрықтары;
2) осы нысан мұнай өнімдерін өндіруші субъектілерге қолданылмайды;
ЭҚТЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
Полная версия
ИС BestProfi