1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 11.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегі N 422 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;
4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темiр жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;
5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;
6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздерiндегi суды көтеретін бөгеттер;
7) ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратын ауруларды, жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөнiндегi объектiлер), сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн облыстың, қаланың, ауданның аумағындағы жалғыз мемлекеттiк медицина ұйымдары болып табылатын медициналық ұйымдар;
8) халықты әлеуметтік қорғау объектілері, балалар үйлері, сәбилер үйлері, қарттар үйлері. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, балалар мен қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар мен санаторийлер;
9) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары;
10) мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектілерi.
1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін.
1-1 тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 29.03.2001. № 402 қаулысымен, 1-1 тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.11.2002. № 1233 қаулысымен, өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.03.2003. № 286 қаулысымен. (24.10.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналар:
1) 1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi;
2) 2-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.10.2002. № 1107 қаулысымен. (30.07.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "1999-2000 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1198 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 368-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Полная версия