Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi
Осы Кодекс күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 04.07.2014 жылғы № 231-V Кодексіне сәйкес
Редакция 17.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңдары
1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңдар
1. Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
3-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.
5-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында қолданылуы
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi