Близость слов: Окончание:





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «заң құжаттарында», «Заң құжаттарында», «заңнамалық актілерде», «заң құжаттарына», «заңнамалық актiлерге», «Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында», «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде», «заң құжаттарымен шектеу», «заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актiлерiнде», «Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне», «заң құжаттары», «Заң актілерінде», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгіленеді», «заңнамалық актілер», «Қазақстан Республикасының заң актілерiнде», «Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде», «Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне», «Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде», «осы Кодекспен және заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актiлерiне», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді», «Қазақстан Республикасының заң актiлерiне», «Қазақстан Республикасының заң актілерімен акционерлік», «заң актiлерiмен белгіленеді», «осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленеді», «заң актілерімен айқындалады», «заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында басқа мәселелердi шешудi де жатқызуы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде», «Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде», «Қазақстан Республикасының заң құжаттарына», «заң құжаттарынан», «Заңнамалық актілермен», «заңнамалық актілердің», «Заңнамалық актілерде», «заң құжатында», «Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен», «заң құжаттарымен», «Заң құжаттарына», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде», «Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң актiсiмен», «заң актілерімен», «осы Кодекспен, басқа да заң құжаттарымен», «заң құжаттарын», «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде», «Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен», «Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде», «заң құжаттарының», «заңнамалық актілермен», «заң құжаттарымен жүктелуi», «Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде», «заң құжатының», «заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады», «Борышқор заң актілері», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамалық актісінде», «заң құжатынан», «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде» деген сөздер тиісінше «заңдарда», «Заңдарда», «заңдарда», «заңдарға», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының заңдарында», «заңдармен шектеу», «өзге де заңдарда», «заңдарда белгіленеді», «заңдарда», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдар», «Заңдарда», «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді», «заңдар», «Қазақстан Республикасының заңдарында», «Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңында», «Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңына», «Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында», «осы Кодексте және заңдарда белгіленеді», «заңдарға», «Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады», «осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған», «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік», «заңдарда белгіленеді», «осы Кодексте және өзге де заңдарда белгіленеді», «заңдарда айқындалады», «заңдар мен құрылтай құжаттарында өзге мәселелердi шешу де жатқызылуы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңында», «Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «заңдардан», «Заңдармен», «заңдардың», «Заңдарда», «заңда», «Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «заңдарда», «Заңдарға», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңына», «осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңында», «заңдарда», «осы Кодексте, басқа да заңдарда», «заңдарды», «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн заңдарында», «Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен», «Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында», «заңдардың», «заңдармен», «заңдармен жүктелуi», «Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңында», «заңның», «заңдарда залалды толық өтеу құқығы шектелуі мүмкін», «Борышкер заңдар», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңында», «заңнан», «Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңында» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (10.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 10.06.2026 жылғы № 301-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу
1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар
1. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.
2. Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заңдарда өзгеше көзделмеген, не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған белгiлерге сай келетiн отбасылық, еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиiсiнше отбасылық, еңбек заңдарымен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралызаңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
4. Заңдарда көзделген реттердi қоспағанда, бiр тараптың екiншiсiне әкiмшiлiк немесе өзге де билiк жағынан бағынуына негiзделген мүлiктiк қатынастарға, соның iшiнде салық жөнiндегi және басқа бюджеттiк қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды.
1. Азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
2. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiнiң азаматтық құқықтарына өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер Заңдарда өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады. Олар шарт негiзiнде өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн анықтауда және оның заңнамаға қайшы келмейтін кез келген талаптарын белгiлеуде ерiктi.
2-тармақ өзгертілді ҚР 25.03.2011 жылғы № 421-IV Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тауарлар, қызмет және ақша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында емiн-еркiн орын ауыстырып және айналысқа түсiп отырады. Егер қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, табиғат пен мәдени қазыналарды сақтау үшiн қажет болса, заңдарға сәйкес тауарлар мен қызметтiң орын ауыстыруына шектеулер енгiзiледi.
3-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтарынан, сондай-ақ осы Кодекстiң 1-бабының 1 және 2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.04.2009 жылғы № 154-IV Заңымен (13.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (10.06.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Кодекстiң 1-бабының 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заңдарда қамтылған нормалары осы Кодекстiң ережелерiне қайшы келген жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, Қазақстан Республикасының заңдарында қамтылған және осы Кодекстiң нормаларына қайшы келетiн азаматтық құқық нормалары Кодекске тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына қайшы келмейді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 25.03.2011 жылғы № 421-IV Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Банктер мен астық қабылдау кәсіпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметiн бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кәсіпорындарының қызметiн бақылауға, банк қызметін лицензиялауға, банктерді реттеуге, банк лицензиясынан айыру салдарының туындауына, астық қабылдау кәсiпорындарының қойма куәлiктерiмен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметiн және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi.
3-тармақ өзгертілді ҚР 11.07.2009 жылғы № 185-IV Заңымен (29.04.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақтың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңымен (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Банктер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, сондай-ақ клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматтық заңдармен осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша реттеледi.
Полная версия
ИС BestProfi