Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі
Осы Кодекс 01.07.2010 жылы қолданысқа енгізіледі ҚР 30.06.2010 жылғы №298-IV Заңына сәйкес
Құжат мәтініндегі «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірін», «сәйкестендіру нөмірінің» сөздер «тіркеу нөмірі», «тіркеу нөмірлері», «тіркеу нөмірін», «тіркеу нөмірінің» сөздерімен ауыстырылды, 251-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, ҚР 30.06.2010 жылғы № 298-IV Заңына сәйкес
Құжат мәтініндегі «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағы» сөздері «Кеден одағының», «Кеден одағына», «Кеден одағы» сөздермен ауыстырылды ҚР 04.07.2013  жылғы № 130-V Заңымен (03.07.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «Кеден одағының комиссиясы», «Кеден одағы комиссиясының» және «Кеден одағының комиссиясына» сөздері «Комиссия», «Комиссияның» және «Комиссияға» сөздерімен ауыстырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңы бойынша (10.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «ақпараттық технологиялар», «ақпараттық технологияларды», «ақпараттық технологиялармен» сөздері «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технология­ларды», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» сөздерімен ауыстырылады ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңы бойынша (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Кодекс күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 26.12.2017 жылғы № 123-VI Кодексіне сәйкес, ҚР 26.12.2017 жылғы № 123-VI Кодекстің 553-бабының 9-тармағында, 560-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде, 570-бабының 1-тармағында және 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда
Редакция 25.12.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу)
1. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие Кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.
2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.
2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
2-бап өзгертілді  ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (21.06.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;
3-1) Кеден одағының кеден заңнамасымен реттелмеген бөлікте кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді;
2-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi