Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.05.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 Қаулысы
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009. № 1272 Қаулысымен. (28.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесі бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009. № 1272 Қаулысымен. (28.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат).
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
 N 1307 қаулысымен
 бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесі
Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "есептеу", "есептеудің" деген сөздерден кейін тиісінше ", қайта есептеу", "қайта есептеудің" деген сөздермен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.08.2009. № 1272 Қаулысымен.
Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеудің, қайта есептеудің және арттырудың тәртібін айқындайды.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:  
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) -  әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға;  
2) асыраушы - өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысының есебінен асыраушы адам;  
3) әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) - әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйымның және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды есептеу, қайта есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысын және тиісті коэффициенттерін ескере отырып, әлеуметтік қатердің түріне қарай әлеуметтік төлемдердің ай сайынғы мөлшерін есептеуді жүзеге асыру тәртібі;  
4) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - өзі үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауында болған отбасы мүшелері;  
5) әлеуметтік төлемдер - алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер;  
Полная версия
ИС BestProfi