1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және азаматтарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына, жоғары әскери оқу орындарының адьюнктурасына қабылдаудың тәртібін айқындайды.
2. ЖОО магистранттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Адъюнкттардың, докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
Әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына, адьюнктурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP),(TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS шекті балл -кемінде 6.0), Grandbaustein DaF (шекті балл -(С 1 ), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue Francais(DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfondi de Langue Francais, (DALF шекті балл - С 1) Test de connaisances de Langue francais (ТСF шекті бал кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандарынан босатылады.
5. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау күніне дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей жарияланады.
6. Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО (бұдан әрі - базалық ЖОО) жүзеге асырылады.
7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына және әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.
Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Полная версия