Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бөлiмнiң 92-бабын және "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12-бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 06.01.2015
Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы № 1196 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналар бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (1-қосымша);
Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi (2-қосымша);
Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесi (3-қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн басып шығару (қайта басып шығару) жөнiнде тапсырыс орналастыру құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi 1997 жылғы 15 желтоқсанға дейiн мерзiмде аталған нормативтiк құжаттарды бұқаралық таралыммен басып шығаруды және баспасөзде, радио мен теледидарда олардың талаптарын көрсетудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына 1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Жалпы ережелер
1.1. Бұл Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы Ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс.
1.2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
автомагистраль - 5.1-белгісімен белгіленген және бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда - жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, темір жолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жол;
автобус - жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы;
автопоезд - тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы;
багаж - буып-түйілген және Жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісімнің негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі;
#$Осында және бұдан былай жол белгiлерi нөмiрленуi 1-қосымшаға сәйкес келтiрiледi.
жол қозғалысының қауiпсiздiгi - оған қатысушылар мен мемлекеттiң жол-көлiк уақиғалары мен олардың зардаптарынан қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол қозғалысының жай-күйi;
Полная версия