Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015
Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 714 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
«Энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 03.02.2015 жылғы № 59 бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық сараптама жүргізуқағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 714 қаулысымен
бекітілген
Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары
1. Осы Энергетикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының12) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) энергетикалық сараптама – жұмыс істеп тұрған объектілер, реконструкцияланатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынып жатқан объектілердің жобалары бойынша, электр және жылу желілеріндегі энергетикалық жабдықтардағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды тексеру кезінде, сондай-ақ олардағы өндірістік жарақат алу жағдайларында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестілігіне жүргізілетін электр энергетикасы саласындағы сараптама;
2) жылу энергиясын беру – жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымдардың жылу желілері бойынша жылу энергиясын тасымалдау жөнінде көрсететін қызметі;
3) тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
4) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне ауыстыруға арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы жабдықтардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайлармен бірге) жиынтығы;
5) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) сарапшы ұйым – электр энергетикасы мәселелері бойынша энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттелген ұйым;
7) зерттелетін ұйым – энергетикалық сараптама жүргізуге сарапшы ұйыммен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
2. Энергетикалық сараптама жүргізу тәртібі
3. Энергетикалық сараптаманы «1», «2», «3» санаттарына сәйкес сарапшы ұйымдар жүргізеді:
1) электр қондырғыларының 500 кВА (КилоВольтАмпер) дейін және одан жоғары және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гкал/сағ (сағатына Гигакаллория) дейін және одан жоғары қосылған қуаты бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және электр және жылу энергиясын тұтынушыларға энергетикалық сараптаманы 1-санаттағы сарапшы ұйымдар жүргізеді;
Полная версия
ИС BestProfi