Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.07.2015
Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекiту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 713 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 23.06.2015 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
«Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 25.02.2015 жылғы № 143 бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын пайдалануқағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 713 қаулысымен
бекітілген
Электр энергиясын пайдалану қағидалары
1. Осы Электр энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының18) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) баланстық тиесілік – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі электр желісінің учаскесі;
2) баланстық тиесілік шекарасы – оның баланстық тиесілігіне сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушы арасындағы электр желісінің бөліну нүктесі (сызығы);
3) тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекарасы – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар арасындағы тараптардың пайдалану жауапкершілігін айқындайтын электр желісінің бөліну нүктесі (сызығы);
4) электрмен жабдықтау шарты – оған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға қосылған электр желісі арқылы энергия беруге міндеттенетін, ал тұтынушы қабылданған электр энергиясын төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартпен көзделген режимін сақтауға, оның қарамағындағы электрлік желілерді пайдалану қауіпсіздігі мен олар пайдаланатын аспаптар мен электр энергиясын тұтынумен байланысты жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етуге міндеттенетін келісім;
5) шарттық қуат – тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісілген бір сағат ішінде пайдаланатын электр энергиясының орташа мөлшері;
6) төлем құжаты – оның негізінде тұтынушы төлем жүргізетін құжат (есеп, хабарландыру, түбіртек, есеп-ескерту);
7) пломбалау – электр техникалық жабдығына рұқсатсыз түсуіне бөгет жасайтын және егер де осындай құрылғыны рұқсатсыз ашу болған жағдайда араласу фактісін көзбен шолуға мүмкіндік беретін бір рет қолданылатын механикалық құрал қондырғысы;
8) тұтынушы – шарт негізінде электр энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
9) коммерциялық есепке алу аспабы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;
10) коммерциялық есепке алу схемасын қабылдау – коммерциялық есепке алу аспабын қосу схемасын тексеру және пломбалау;
Полная версия
ИС BestProfi