Близость слов: Окончание:





Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы
Редакция 11.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (08.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiруқағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1,2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
 № 673 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 859 Қаулысына сәйкес (26.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
4) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
5) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй).
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 322 Қаулысымен (23.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.10.2022 жылғы № 797 Қаулысына сәйкес (24.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және пайдаланылатын объект түсініледі;
6) тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 322 Қаулысымен (23.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимі бар тұрғын үй;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2015 жылғы № 1072 Қаулысына сәйкес (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 859 Қаулысына сәйкес (26.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi