Близость слов: Окончание:





Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы
Редакция 03.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (08.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiруқағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1,2-қосымшаларға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 673 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2014 жылғы № 1132 Қаулысымен (02.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 322 Қаулысымен (23.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2015 жылы № 98 (28576) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2015 жылғы № 1072 Қаулысымен (25.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.03.2016 жылғы № 173 Қаулысымен (26.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2018 жылғы № 637 Қаулысымен (31.03.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.01.2020 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (16.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2020 жылғы № 259 Қаулысымен (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 613 Қаулысымен (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2022 жылғы № 797 Қаулысымен (24.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысымен (08.10.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 859 Қаулысымен (26.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.06.2024 жылғы № 442 Қаулысымен (04.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2025 жылғы № 18 Қаулысымен (06.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.09.2025 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес (21.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биометриялық сәйкестендіру – жеке басты физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде сәйкестендіретін шаралар кешені;
2) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
3) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
4) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
5) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
6) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй).
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және пайдаланылатын объект түсініледі;
7) тұрғынжайды жекешелендіру – Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
Полная версия
ИС BestProfi