1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.04.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 Қаулысы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды.
2. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) бірлескен барлау мен өндіру;
5) барлау немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жер қойнауын, мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу тәртібіне сәйкес жүргізеді.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруді құзыретті орган жүзеге асырады.
Полная версия