Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 Заңы
Актінің нысаны мен тақырыбы өзгертілді ҚР 04.07.2002 жылғы № 335-ІІ Заңымен (10.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Тақырып өзгертілді; құжат мәтініндегі «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет», «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет», «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет», «Президент Күзет» және «Президенттiң Күзет» сөздері «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет» сөздерімен ауыстырылды ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңы бойынша (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 05.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның қызметін бақылау мен қадағалауды айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР 04.07.2002 жылғы № 335-ІІ Заңымен (10.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Бүкіл мәтініндегі "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлықты" сөздер "Заң", "Заңмен", "Заңды" сөздермен ауыстырылды ҚР 04.07.2002 жылғы № 335-ІІ Заңы бойынша(10.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Бүкіл мәтініндегі «әскери қызметшiлердiң», «әскери қызметшiсi», «әскери қызметшiсiнiң», «әскери қызметшiлерiнiң», «әскери қызметшiлерiне», «әскери қызметшiлерi», «әскери қызметшiлер», «әскери қызметшiсiне», «әскери қызметшiлерiн», «Әскери қызметшiлердiң» сөзедер «қызметкерлердің», «қызметкері», «қызметкерінің», «қызметкерлерінің», «қызметкерлерiне», «қызметкерлерi», «қызметкерлер», «қызметкерiне», «қызметкерлерiн», «Қызметкерлердiң» сөздермен ауыстырылды ҚР 13.02.2012  жылғы № 553-IV Заңы бойынша (14.06.2010 ж . редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі
1-бап өзгертілді ҚР 08.12.1995 жылғы №2674 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 16.05.1997 жылғы №110 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2002 жылғы № 335-ІІ Заңымен (10.10.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (04.07.2002 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
1-бап  өзгертілді ҚР 13.02.2012  жылғы № 553-IV Заңымен ( 14.06.2010 ж . редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңымен (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өз рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
1-1-бап. Күзет іс-шаралары
Заң 1-1-баппен толықтырлды ҚР 04.07.2002 жылғы № 335-ІІ Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-1-бап өзгертілді ҚР 08.04.2010 жылғы № 266-IV Заңымен ( 22.05.2007 ж . редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-1-бап өзгертілді ҚР 08.01.2013 жылғы №  63-V Заңымен (16.02.2012 ж . редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 17.01.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1-1-бап өзгертілді ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңымен (25.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
Күзет іс-шаралары – күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларының жиынтығы.
1-1-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2016 жылғы № 36-VI Заңына сәйкес (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2 (екі) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2016 жылы № 253 (28981) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан айқындайды.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле бастағаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының барлық әскери қызметшілеріне, қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде жүргізіледі.
1. Күзетілетін адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар.
Заң 1-2-баппен толықтырлды ҚР 04.07.2002 жылғы № 335-ІІ Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы;
4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
Полная версия
ИС BestProfi