Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы
Редакция 01.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I. Жалпы Ережелер
1-бап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.
Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2-бап.
2-бап өзгертілді ҚР 01.12.2008 жылғы № 93-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады.
3-бап.
3-бап өзгертілді ҚР 01.12.2008 жылғы № 93-IV Заңымен (27.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi.
Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
4-бап.
"Алтын Қыран" орденiмен наградтау үшiн кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды.
Өзге мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Үкiметi, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгiзедi.
Наградтау үшiн кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсынуы мүмкiн.
Шет ел азаматтары наградтауға ұсынуды жалпы негiздерде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, басқа министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары жүргiзедi.
Азаматтарды кезектi наградаға ұсыну, көп балалы аналарды наградтауға және қаhармандық ерлiк жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты ерекше реттердi қоспағанда, осының алдындағы наградтау сәтiнен бастап бес жыл өткен соң жүргiзiледi.
5-бап.
Бір адам дәрежелері бар наградалардан басқа ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгілерімен, сол орденмен немесе медальмен екі мәрте наградталмайды.
Полная версия