Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 қарашадағы N 79-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 04.12.2015 жылғы № 436-V Заңына сәйкес
Редакция 17.11.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмастан құрылатын мекеме.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
1. Кеңес:
1-тармақ өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 376-IV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 16.02.2012 жылғы № 560-IV Заңымен (29.12.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1) судьялардың тәуелсіздігі мен қолсұғылмаушылығы кепілдіктерін қамтамасыз етеді;
2) конкурстық негізде жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді жүзеге асырады;
конкурстың қорытындылары бойынша жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды;
жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураны қарайды;
Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды;
Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан түсуді тоқтату нысанында қарайды;
6-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (16.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;
Полная версия
ИС BestProfi