Близость слов: Окончание:





Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576-II Заңы
Құжат мәтініндегі  "қайтарып алған", "қайтарып алынғаны", "лицензиясы қайтарып алынса", "лицензияны қайтарып алған", "қайтарып алынған", "(қайтарып алынуына)", "лицензиясы қайтарып алынған" сөздері "одан айырған", "одан айырылғаны", "лицензиясынан айырылса", "лицензиядан айырған", "одан айырылған", "(одан айырылуына)", "лицензиясынан айырылған" сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.01.2007 жылғы №222 Заңы бойынша (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі "аффилиирлендiрiлген" деген сөз "үлестес" сөзімен ауыстырылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес
Осы Заңның тақырыбы өзгертілді ҚР 04.07.2018 жылғы № 174-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды.
Осы Заңның кіріспесі жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 174-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді   ҚР 20.11.2008 жылғы № 88-IV Заңы бойынша (23.10.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акционерлік инвестициялық қор - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлері оның акцияларын, заңды тұлғаның акционерлік инвестициялық қор етіп қайта құрылуы нәтижесінде қабылданған өзге де активтерді төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік қоғам;
1-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) әртараптандыру - инвестициялық қор активтері құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында оларды түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;
3) басқарушы компания – уәкілетті орган берген лицензия негiзiнде инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушы;
3-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2011 жылғы № 524-IV Заңымен (13.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-1) венчурлік қор – венчурлік қаржыландыру мақсаттарында ғана ақша мен өзге де мүлікті тартуды және жинақтауды жүзеге асыратын жай серіктестік немесе акционерлік қоғам немесе шаруашылық серіктестік нысанындағы заңды тұлға;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 174-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) жылжымайтын мүлік қоры - қызметінің айрықша түрі осы Заңда белгіленген талаптарға және өзінің инвестициялық декларациясына сәйкес, осы қоғамның акционерлері оның акцияларын, заңды тұлғаның жылжымайтын мүлік қоры етіп қайта құрылуы нәтижесінде қабылданған өзге де активтерді төлеу үшін қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесінде алынған активтерді жылжымайтын мүлікке және осы Заңда рұқсат етілген өзге де мүлікке жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлік инвестициялық қор;
4-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңымен (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;
6) инвестициялық кіріс - инвестициялық қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған олардың ақшалай көрінісіндегі өсімі;
7) инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық немесе инвестициялық пай қоры;
8) инвестициялық қордың активтері - акционерлік инвестициялық қорға тиесілі немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы;
9) инвестициялық қордың таза активтерінің құны - инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде айқындалатын инвестициялық қор активтері құнының ақшалай көрінісі;
10) инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
11) инвестициялық пай қорының ережелері - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;
12) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;
12-1) маркет-мейкер – қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгіленімдерді жариялау және ұстап тұру жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйым;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi