Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-I Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2) есiрткiлер – есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер ретiнде жiктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;
2-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
4) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі – сот сараптамасы органдары айқындайтын бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтарының тізбесі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
6-тармақша өзгертілді ҚР 05.05.2000 жылғы №47-II Заңымен (10.07.1998 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша өзгертілді ҚР 31.05.2000 жылғы №327-II Заңымен (05.05.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
7) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi;
9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;
10) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы;
10-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сериялап алуға бағытталған процесс;
11-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2025 жылғы № 150-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;
33-1) сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар – есірткі, психотроптық зат тектестерді дайындау кезінде пайдаланылатын және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізіміне енгізілген бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтары;
1-тармақ 33-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;
34-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
35) уытқұмарлық – есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енбейтін табиғаты әртүрлi заттарды шектен тыс пайдалану.
35-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
35-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2025 жылғы № 150-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды жiктеу
2-бапөзгертілді ҚР 05.05.2000 жылғы №47-II Заңымен (10.07.1998 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап өзгертілді ҚР 31.05.2000 жылғы № 327-ІІ Заңымен (05.05.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап өзгертілді ҚР 02.03.20006 жылғы №130 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi төрт кестеден және тiзiмнен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, I кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
II кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
III кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1961 және 1971 жылдардағы халықаралық конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауда тұрған есiрткi, психотроптық заттар енгiзiледi.
IV кестеге Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ-ның 1988 жылғы халықаралық Конвенциясына сәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттардың тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген.
зат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімдерінде, тізбелерінде, кестелерінде болған кезде жүзеге асырылады.
1-2. Заттарды есірткі, психотроптық зат тектестерге жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен сот сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2-бап 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заттың құрылымдық формуласының Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың құрылымдық формулаларымен арақатынасын белгілеу және осы құрылымдық формулада сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарының бір немесе бірнеше алмастырғыштарының бар-жоғын айқындау сот сараптама нысаналары болып табылады.
1-3. БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бақылауында жоқ психикаға белсенді әсер ететін заттың айналымда жүргені анықталған жағдайда оны есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға жатқызу 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес жүзеге асырылады.
2-бап 1-3-тармақпен толықтырылды ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi. Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылау шараларына жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатындай бақылау қолданылады. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай қолжетімді тәсілдермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Есірткі, психотроптық зат тектестер құрылымы мен қасиеттері бойынша ұқсас есірткі және психотроптық заттар сияқты нақ сондай бақылау шараларына жатады.
3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс пайдалануға қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңдары