Близость слов: Окончание:





Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi № 279-I Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-бап. Негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 02.03.20006 жылғы №130 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;
2) есiрткiлер – есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер ретiнде жiктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;
2-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар;
4) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі – сот сараптамасы органдары айқындайтын бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтарының тізбесі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2018 жылғы № 205-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;
6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері;
6-тармақша өзгертілді ҚР 05.05.2000 жылғы №47-II Заңымен (10.07.1998 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақша өзгертілді ҚР 31.05.2000 жылғы №327-II Заңымен (05.05.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
7) есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;
7-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi;
9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;
10) есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы;
10-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2014 жылғы № 227-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;
12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;
13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;
14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;
Полная версия
ИС BestProfi