Близость слов: Окончание:





Өсімдіктер карантині туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I Заңы
Құжат мәтініндегі "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметі", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызмет", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметтің", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметке", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметтен", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметінің", "Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік фитосанитариялық қызметті" деген сөздер "уәкілетті органы", "уәкілетті орган", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға", "уәкілетті органнан", "уәкілетті органының", "уәкілетті органды" деген сөздермен өзгертілді  ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (03.07.2003 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2005 жылдан бастап )
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 189-IV Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22.07.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 189-IV Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 22.07.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2017 жылғы № 124-VІ Заңына сәйкес (09.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) бөтен текті түр Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 16.07.2015 жылғы № 330-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.07.2015 жылы № 135 (28613) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1) зертханалық сараптама – карантинге жатқызылған өнімнің, өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің түрлік құрамын және олардың карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге жататынын айқындау мақсатында олардың үлгілерін зерттеу;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.07.2015 жылғы № 330-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.07.2015 жылы № 135 (28613) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (30.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2012 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік фитосанитариялық шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;
4-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңымен ( 01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі - мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі;
4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңына сәйкес
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (10.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.02.2015 жылдан бастап)
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;
6) карантинді объект – өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантинді объектілердің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп;
6-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) карантиндік режим – карантинді объектінің таралу ошағын жоюға, карантинді объектінің таралуына жол бермеу мақсатында шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және карантинді аймақ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды (өткізуді) тоқтата тұруға бағытталған өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде жүргізуді көздейтін құқықтық режим;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
8) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1) қарап-тексеру карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi