Близость слов: Окончание:





Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңы
Құжат мәтініндегі «"Жарлыққа", "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықта"» сөздер «"Заңға", "Заң", "Заңның", "Заңда" » сөздермен ауыстырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңы бойынша ( 24.12.2001 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
1-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
1-бап өзгертілді ҚР 18.03.2004 жылғы № 537 Заңымен ( 10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз) (Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
1-бап өзгертілді ҚР 12.01.2007 жылғы № 224 Заңымен ( 11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 07.12.2009 жылғы № 222-IV Заңымен ( 29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен ( 11.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) ( 01.01.2013 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен ( 05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнеенгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.
2-бап Заңды тұлғаларды тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттары
2-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
2-бап толықтырылды ҚР 18.03.2004 жылғы № 537 Заңына сәйкес (Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2-бап өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңымен ( 05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) ( 30.01.2012 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен ( 05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мынадай негізгі мақсаттарды іске асыру үшін жүзеге асырылады:
заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу.
2. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру осы Заңның негізгі міндеттері болып табылады.
3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер
3-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
3-бап толықтырылды ҚР 18.03.2004 жылғы № 537 Заңына сәйкес (Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
4-бап. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар
4-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
4-бап толықтырылды ҚР 05.06.2006 жылғы №  146 Заңына сәйкес
4-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi