Близость слов: Окончание:





Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2198 Заңы
Құжат мәтініндегі «"Жарлыққа", "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықта"» сөздер «"Заңға", "Заң", "Заңның", "Заңда" » сөздермен ауыстырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңы бойынша ( 24.12.2001 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 12.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ұғымы
1-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
1-бап өзгертілді ҚР 18.03.2004 жылғы № 537 Заңымен ( 10.07.2003 ж. редакцияны қараңыз) (Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
1-бап өзгертілді ҚР 12.01.2007 жылғы № 224 Заңымен ( 11.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 07.12.2009 жылғы № 222-IV Заңымен ( 29.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 12.01.2012 жылғы № 538-IV Заңымен ( 11.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) ( 01.01.2013 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен ( 05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнеенгiзудi қамтиды.
Филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеруді, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға есептік тіркеу туралы анықтама беруді, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізуді қамтиды.
2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаттары
2-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
2-бап толықтырылды ҚР 18.03.2004 жылғы № 537 Заңына сәйкес (Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2-бап өзгертілді ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңымен ( 05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) ( 30.01.2012 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен ( 05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу, сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған, есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi есепке алу;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
3-бап. Тiркеуге жататын заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер
3-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
3-бап толықтырылды ҚР 18.03.2004 жылғы № 537 Заңына сәйкес (Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
4-бап. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар
4-бап толықтырылды ҚР 29.10.2002 жылғы №  348-II Заңына сәйкес
4-бап толықтырылды ҚР 05.06.2006 жылғы №  146 Заңына сәйкес
4-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
5-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тiркеудi жүзеге асыру кезiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыры
5-бап толықтырылды ҚР 02.03.2001  жылғы № 162-II Заңымен
5-бап өзгертілді ҚР 29.10.2002  жылғы № 348-II  Заңымен ( 24.12.2001  ж. редакцияны қараңыз)
5-бап толықтырылды ҚР 18.03.2004 жылғы № 537 Заңына сәйкес (Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
5-бап толықтырылды ҚР 05.07.2011 жылғы № 452-IV Заңына сәйкес ( 13.10.2011 ж. қолданысқа енгізіледі)
5-бап өзгертілді ҚР 24.12.2012 жылғы № 60-V Заңымен ( 05.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он (10) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
осы Заңға сәйкес коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеудi;
5-баптың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi