Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.02.2015
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2015 жылғы 21 ақпаннан бастап ҚР 09.02.2015 жылғы 285-V Заңына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен iске асырудың құқықтық негіздерiн анықтайды.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;
2) жас отбасы - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;
3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi;
4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым - жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және имандылық жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi;
5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтiк бейiмделуiне және оңалуына жәрдемдесу жөнiндегi ic-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
6) жастар ұйымы - негiзгi мақсаты әлеуметтiк, мәдени, бiлім беру мiндеттерiн және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған өзге де мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi (қатысушылары) жастар өкiлдерi болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;
7) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - берiлген өкiлеттiктер шегiнде мемлекеттiк жастар саясатын үйлестiрудi және iске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаттары, мiндеттерi және принциптері
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Полная версия
ИС BestProfi