Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299-II Заңы
Құжат мәтініндегі «республикалық бюджет қаражаты» сөздері «бюджет қаражаты» сөздерімен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (07.03.2002 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап) Құжат мәтініндегі «мемлекеттік қызмет туралы заңдардан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына», «мемлекеттік қызмет туралы заңдарында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен» сөздері «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамадан», «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына», «мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен» сөздерімен ауыстырылды ҚР 23.11.2015 жылғы № 417-V Заңы бойынша (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.11.2015 жылы № 226 (28704)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 22.05.2006 жылғы № 143 Заңымен(20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2009 жылдан бастап) 1-бап өзгертілді ҚР 23.11.2015 жылғы № 417-V Заңымен (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.11.2015 жылы № 226 (28704)„Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.06.2017 жылғы № 77-VІ Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2017 жылы № 118 (28497) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.03.2021 жылғы № 13-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «aд хoк» дипломатиялық курьері − курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жеткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) вализа − дипломатиялық поштаны тасымалдауға арналған пакет, конверт, қап, чемодан, өзге де ыдыс;
3) дипломатиялық курьер – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет органдарында республикалық бюджеттен ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын, курьерлік парақ ресімделген, дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, жөнелтуді, жеткізуді және қабылдауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы;
4) дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым − Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдарға және (немесе) олардың өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге және дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларына, персоналы мүшелеріне, Қазақстан Республикасындағы консулдық мекемелердің жұмыскерлеріне қызмет көрсету жүктелген заңды тұлға.
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымға өзге де функциялар жүктелуі мүмкін;
5) дипломатиялық пошта – дипломатиялық поштаға жататындығы курьерлік парақпен расталатын, ресми құпия емес немесе құпия хат-хабар, заттар немесе техника;
6) курьерлік парақ − Сыртқы істер министрлігінің немесе шет елдегі мекеменің дипломатиялық пошта, дипломатиялық курьер мен «ад хок» дипломатиялық курьері мәртебесін растайтын ресми құжаты;
7) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет ардагері) − бұрын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының лауазымын атқарған, жиырма бес жылдан кем емес жалпы еңбек өтілі бар, оның он жылын дипломатиялық қызмет органдарында жұмыс істеген және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған адам;
7-тармақша өзгертілді ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет жұмыскерлері) – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер;
9) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлерi (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет қызметкерлерi) – дипломатиялық қызмет органдарында штаттық дипломатиялық лауазымдарды атқаратын, әдетте, дипломаттық дәрежесi бар және құқықтары мен мiндеттерiн дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген мiндеттер мен функцияларды iске асыру мақсатында жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшілер;
10) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналы (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет персоналы) – дипломатиялық қызмет қызметкерлері мен дипломатиялық қызмет жұмыскерлері;
11) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері) – дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалары, кәмелетке толмаған асырап алған балалары, сондай-ақ медициналық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген қорытындысына сәйкес күтіп-бағуға мұқтаж еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалары және (немесе) ата-аналары.
Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қатарына осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамдарды қосу тәртібі, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарын қосудың айрықша жағдайлары Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің персоналын ротациялау қағидаларында айқындалады;
12) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі персоналының отбасы мүшелері (бұдан әрі − дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшесі) – дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы), балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ ата-аналары;
Полная версия