Осы Заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422-I Заңы
Құжат мәтініндегі «рұқсат етiлген», «жiберiлген» және «жiберiлетiн» сөздері «ұсынылатын» сөзімен ауыстырылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңы бойынша (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 02.03.2007 жылғы № 237 Заңымен (22.11.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - патент иесiнiң селекциялық жетiстiктi өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы;
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 586 Заңымен (13.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақша алынып тасталды ҚР 20.06.2018 жылғы № 161-VI Заңына сәйкес (27.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) асыл тұқымды жануар – тұқым стандартына сай келетін және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген таза тұқымды жануар;
3-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 586 Заңымен (13.07.1999 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144- VII Заңымен (20.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2024 жылғы № 123-VIII Заңымен (10.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) асыл тұқымдық өнім (материал) – асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар, асыл тұқымды аналық бал аралары, асыл тұқымды бал ара ұялары және бал ара пакеттері;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссия - өсiмдiк сорттарының патентке қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және оны сынақтан өткізуді жүзеге асыратын агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның қарауындағы ұйым;
5-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) бюллетень - селекциялық жетiстiктердi қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
7) лицензиялық шарт - патент иесi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) селекциялық жетiстiктi белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беретiн шарт;
8) мемлекеттiк комиссиялар - агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның Ауылшаруашылық дақылдарының сортын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы мен Тұқымдарды сынақтан өткiзу және сапасын анықтау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы;
9) отырғызылатын материал - репродукциялық және вегетациялық түрде көбейетiн материалды қоса алғанда, кез келген түрдегi отырғызылатын материал (тұқым, көшет, өсiмдiктер және өсiмдiктердiң оларды көбейтуге арналған бөлiктерi);
10) өтiнiш берушi - селекциялық жетiстiкке патент беруге өтiнiм берген жеке немесе заңды тұлға;
10-тармақша өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы № 586 Заңымен (13.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
11) патент иеленушi - патенттiң иесi;
12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
13) селекциялық жетістік – адамның зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сұрпы, жануардың жаңа тұқымы (аң шаруашылығы, қоян шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда);
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 13-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144- VII Заңымен (20.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия