Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі N 1488-ХІІ Заңы
Құжат мәтініндегі "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - ІХ" цифрлар "1 - 9" деген цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңы бойынша (05.10.1995 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі "бөлім" деген сөз "-тарау" деген сөзбен ауыстырылды ҚР 21.07.2007жылғы №307 Заңы бойынша (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органды", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен", "тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның", "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган" деген сөздер "уәкілетті органның", "уәкілетті орган", "уәкілетті органды", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органға", "Уәкілетті органның", "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 21.07.2007жылғы №307 Заңы бойынша (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» сөздері «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 368-V Заңы бойынша (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заң күшін жойды 2020 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР 26.12.2019 жылғы № 288-VІ Заңына сәйкес
1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (05.10.1995 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
1-баптың тақырыбы өзгертілді ҚР 21.07.2007 жылғы №307 Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.08.2007 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы №13 Заңымен (05.10.1995 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
3-бап өзгертілді ҚР 21.07.2007 жылғы №307 Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.08.2007 жылдан бастап)
2) ансамбльдер - оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;
3) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;
4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері - сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары, сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;