Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік статистика туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «алғашқы статистикалық» деген сөздер «бастапқы статистикалық» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Кіріспе өзгертілді ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) арнайы құрылған комиссия – ұлттық санаққа дайындыққа және оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін құрылған комиссия;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.11.2018 жылғы № 192-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, ресми статистикалық ақпаратты талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.11.2018 жылғы № 192-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) әкімшілік дереккөздер - статистикалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар;
2-тармақша өзгертілді  ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) әкімшілік деректер – бастапқы статистикалық және балама деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2018 жылғы № 192-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) әкімшілік деректерді ұсыну графигі – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді беретін әкімшілік дереккөздер туралы, әкімшілік деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.11.2018 жылғы № 192-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.11.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) бағаларды тіркеу – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың, әкімшілік және балама деректердің негізіндегі бағалар мониторингі;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-3) балама деректер – бастапқы статистикалық немесе әкімшілік деректер болып табылмайтын деректер;
1-бап 3-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-4) бастапқы статистикалық деректер – статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;
1-бап 3-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) ведомстволық статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық жұмыс жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін статистикалық байқау;
4-1) деректер өнімі – балама деректерді өңдеу негізінде қалыптастырылатын өнім;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) деректерді бақылаушы – әкімшілік деректердің сапасын бағалау үшін әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде тартылатын, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы маманы;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) деректердің сапасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес деректердің пайдалануға жарамдылық дәрежесін көрсететін сипаттама;
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жалпымемлекеттік статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау;
Полная версия
ИС BestProfi