Близость слов: Окончание:





Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 Заңы
Редакция 28.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар
1-бап өзгертілді ҚР 22.07.2011 жылғы №478-IV Заңымен (07.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдiктердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнама осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-баптың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар болып танылады.
3-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайының қағидаттары
3-бап өзгертілді ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер заң мен сот алдында тең болады, оларды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешқандай кемсітуге болмайды.
Шетелдiктердiң өз құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттердi орындауынан бөліп қарауға болмайды.
4-бап. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдiктер
4-бап өзгертілді ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңымен (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-бап өзгертілді ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңымен (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап өзгертілді ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (30.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап өзгертілді ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
4-баптың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды , сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың бірге немесе бөлек келген отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.
4-баптың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 26.02.2023 жылдан бастап)
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шетелдіктерден басқа, Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп танылған шетелдіктер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.
Қандастардың оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға бір мезгілде құжаттар тапсыруға құқығы бар.
4-бап төртінші бөлікпен толықтырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-баптың төртінші бөлігінің әрекеті 02.01.2021 жылға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезінде ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңының 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
Полная версия
ИС BestProfi