Кіріспе алынып тасталды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344-II Заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «заң актілерінде», «заң актiлерiне сәйкес», «заң актілеріне көзделген», «заңнамалық актілерінде» деген сөздер тиісінше «заңдарында», «заңдарына сәйкес», «заңдарында көзделген», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Саяси партия ұғымы
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әрбір азамат өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.
4-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап. Мемлекет және саяси партиялар
1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi.
3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
4. Құрылтай депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ.
4-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия

