Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Мемлекеттік сатып алу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III Заңы
Құжат мәтініндегі "ашық тауар биржалары" сөзедер "тауар биржалары" сөздермен ауыстырылды ҚР 04.05.2009 жылғы №156-IV  Заңы бойынша (20.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Құжат мәтініндегі "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" сөзедер "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" сөздермен ауыстырылды ҚР 10.07.2009 жылғы №178-IV Заңы бойынша (05.05.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 04.12.2015 жылғы № 434-V Заңына сәйкес
Редакция 12.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 13.01.2012 жылғы №543-IV Заңымен (09.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;
1-тармақша өзгертілді ҚР 20.11.2008 жылғы №87-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі)
2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
2-тармақша өзгертілді ҚР 14.01.2014 жылғы № 161-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) аукциондық құжаттама – аукционға қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге берілетін құжаттама, онда аукционға қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылады;
4) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
5) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;
5-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2009 жылғы №233-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2011 жылдан бастап)
6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;
8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;
9) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 14.01.2014 жылғы № 161-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;
10-тармақша өзгертілді ҚР 20.11.2008 жылғы №87-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі)
11) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;
12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
12-тармақша өзгертілді ҚР 02.04.2010 жылғы 633-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2010 жылдан бастап)
12-тармақша өзгертілді ҚР 14.01.2014 жылғы № 161-V Заңымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама;
13-тармақша алынып тасталды ҚР 20.11.2008 жылғы №87-IV Заңымен (05.07.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі)
14) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;
Полная версия
ИС BestProfi