Близость слов: Окончание:





Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I Заңы
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 10.03.2004 жылғы № 534 Заңымен (16.07.1999 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 13.12.2004 жылғы № 11 Заңымен (10.03.2004 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 11.12.2006 жылғы № 201 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2007 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 30.06.2010 жылғы № 297-IV Заңымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 18.06.2014 жылғы № 210-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңының өзгерістерімен) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;
2) алкоголь өнімі – Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (бұдан әрі – техникалық регламент) талаптары қолданылмайтын өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан асатын, құрамында спирт бар тағамдық өнімді пайдаланбай немесе пайдалана отырып дайындалған тағамдық өнім;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумақтарында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату;
3-тармақша өзгертілді ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу - алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;
4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімінен басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
4-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) орнын өзгерту - бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;
6) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;
7) есепке алатын бақылау аспаптары – электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шарап ашыту өнімінен басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;
7-тармақша 01.01.2016 жылдан бастап күшіне енді ҚР 18.06.2014 жылғы № 210-V Заңына сәйкес
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар;
1-тармақ 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.12.2017 жылғы № 122-VІ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап)
8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (толысылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнаулы бiржолғы жапсырма;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.12.2015 жылғы № 432-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.12.2021 жылғы № 100-VII Заңына сәйкес (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;
11) қойма үй-жайлары - этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);
11-тармақша өзгертілді ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) өндіріс паспорты - қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;
Полная версия
ИС BestProfi